Қазақстанға бензин экспорттауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Қазақстан мен Ресей өкілдері елімізге бензин экспорттауға рұқсат беретін хаттамаға қол қойды. Кеше, сәрсенбіде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей энергетика министрі Александр Новак құжатқа қол қойды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресей өкілдері елімізге бензин экспорттауға рұқсат беретін хаттамаға қол қойды. Кеше, сәрсенбіде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей энергетика министрі Александр Новак құжатқа қол қойды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлер хаттамаға екі елдің үкіметінің мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер енгізіп, хаттамаға қол қойып бекітті. Бұл өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізу қызметін реттеп, ал Қазақстан аумағынан Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағында халықаралық деңгейде мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстан мұнай өнімдерінің белгілі бір түрлерін экспорттау немесе импорттау мәселесін жылдамырақ шеше алатын болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ақшыл мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған еді. Алайда қол қойылған құжат Қазақстанға ақшыл мұнай өнімдерін де экспорттауға мүмкіндік береді.

РИА Новости мәліметінше, "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Тиесов осыған дейін Қазақстанның күзден бастап Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға бензин жеткізетінін айтқан еді. Жыл соңына дейін 400 мың тонна бензин экспорттау жоспарланып отыр, ал 2019 жылы экспорттың көлемі 1-1,2 миллион тоннаға жетуі мүмкін.

Кейінірек Бозымбаев бастапқыда Ресеймен екіжақты келісімшартты өзгерту қажеттігін айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro