Қазақстанның қай өңірлерінде бензин қымбаттайды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қай өңірлерінде бензин қымбаттайды? Көрнекі сурет

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге қатысты шекті бағаларды өзгерту туралы жоба дайындады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге қатысты шекті бағаларды өзгерту туралы жоба дайындады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасын мына деңгейде белгілеу жоспарланып отыр:

  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - литріне 187 теңге;
  • Барлық басқа облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда - литріне 182 теңге.

Қазір бензиннің шекті бағасы - еліміздің барлық өңірінде 182 теңге.

Министрлік мәліметінше, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында бөлшек сатушыларға алыс өңірлерге тасымалдауда логистикалық шығын артуына байланысты шекті бағаны 5 теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Мұндай баға 180 күн ішінде қойылады.

Сонымен қатар, жаңа қосылған облыстарда дизель отыны бағасы (жазғы, маусымаралық) өзгеріссіз қалады.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Абай облысында бір литрдің бағасы 260 теңге болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сонымен қатар, Жетісу, Ұлытау облыстарында литріне 230 теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети