Қазақстанда ет асудың көрсеткіші есептелді. ISAS cараптама жасаушы компаниясының мамандары бейресми түрде сатып алу қабілеттігінің анықтау әдісі ойлап тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда ет асудың көрсеткіші есептелді. ISAS cараптама жасаушы компаниясының мамандары бейресми түрде сатып алу қабілеттігінің анықтау әдісі ойлап тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші рет мұндай көрсеткіш 2013 жылдың ақпан айында есептелген болатын. Жаңа маркетинг зерттеуінің нәтижесі бойынша көрсеткіштің бұрыңғыдан ерекшелігі: бұрындары сатып алу қабілеттілігі айлық көрсеткіш мөлшерімен есептелген болса, ендігі кезекте ет асуға кететін қаражаттың мөлшерімен есептеледі.
"Ет асу көрсеткіші сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдігінің теориясы бойынша негізделген. Валюталық курс себеттегі тауарлардың бағасымен тең болуы тиіс. Алайда себет орнына Қазақстанда ең кеңінен таралған тағам болуы тиіс. Бұл еліміздегі өңірлерде сатып алу қабілеттілігін анықтау үшін қажет", - делінген жарияланымда.
Тағам бағасы әр өңірде өнеркәсіппен ауылшаруашылық тауарлардың өндірілуіне, жалға алу құнына, шикізат, жұмыс күші және басқа да факторларға қарай белгіленеді. Айтып өткендей, ет асу көрсеткіші - ең тиімді әдіс, себебі сол арқылы әртүрлі өңірлердің және жалпы Қазақстанның экономикасының даму қарқынын байқауға болады.
Әр өңірде ет асудың әрқалай жасалуына байланысты жалпыға бірдей бірыңғай мәзір жасалыпты:
Көрсетілген тауарлардың қосындысы 1 табақ етке жетуі тиіс. 2016 жыл, мамыр.