Кешелі бері халықаралық Standard & Poor’s рейтинг агенттігі Қазақстанның экономикасы «тұрақтылық» деңгейі «теріске» шыға бастағанын мәлімдеп отыр. Осылайша қаржы-несие қызметін халықаралық деңгейде сараптап, сүзгіден өткізіп отыратын аталмыш агенттік Қазақстанның қайсыбір салаларындағы даму деңгейі сылбыр екенін ашып көрсетуде. Халықаралық агенттік Қазақстанның қазіргі жағдайын ВВВ+шкаласынан; (ішкі-сыртқы қарызды өтеу қабілеті қанағаттанарлық) А-2 шкаласына (төлем қабілеті төмен, экономикасы баяу) дейін өткізіп отыр. Осылайша еліміздің экономикалық рейтингі «ВВВ+/А-2» шкаласы деңгейінде деп белгіленуде. Осы тұста «Алаш айнасы» бұл мәселені сараптап көруді жөн көрді.

Банк және байып
Сөйтіп, қазақтың экономикалық рейтингі неге төмендеді? Бұған қатысты Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары елдегі бірінші негативті сала ретінде банк секторын мысалға алып отыр.
Сарапшыларының байыптауынша, рейтинг белгілеуде көптеген банк үшін несие тәуекелі жағымсыз фактор ретінде есептелген. Рас, елде қауіп-қатер тәуекелі таза банктердің бірлі-жарым ғана екені бұған дейін де айтылып келген болатын. Бұған қатысты отандық сарапшыларымыз да «банк жүйесі дұрыс бағытты бетке алмаса тоқырауға ұшырайды» дегенді де жиі айтып келген. Ал енді Standard & Poor’s-тың сарапшылары нақ қазір елдегі банктердің аяқ алысына қатысты былай деп отыр: «қазір халықтың басым бөлігі депозиттегі активтерін теңгеден долларға ауыстырып салып жатыр. Ал бұл депозиттерді қабылдауға дайын банктер дайын болғанымен, оны доллар активінде орналастыруға еш мүмкіндігі жоқ. Өйткені елде долларға бағаланған несиеге сұраныс жоқ. Сәйкесінше, банктер доллар түріндегі депозитті қабылдайды, бірақ оны айналымға салайын десе долларға сұраныс аз. Тұтынушылардың басым бөлігі несиені доллармен емес, теңгемен алуды қалайды. Осыдан барып долларды депозитпен сақтауда да, несиені теңге түрінде беруде де банктер жоғары валюталық тәуекелге бой ұрып отыр. Мұның салдары жағымсыз тренд тудырады».
Халықаралық агенттік сарапшылары осылай, деп жатқан тұста біз отандық сарапшылардың да пікірін ден қоюды жөн көрдік. Пайымдасақ, отандық экономист-ғалымдардың пікірі де осылай өрбіп тұр.
Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.