©kazalinsk.kz
Биыл өндірістік сынақ үшін мал азығы ретінде Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы "РзаАгро" шаруа қожалығына тиесілі жерге африкалық тары егілетін болады. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысатын компания осылайша жаңашыл жобаны қолға алмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ы.Жақаев атындағы "Қазақ күріш шаруашылығы" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС бас директорының орынбасары Ибадулла Тәутеновтің айтуынша, африкалық тары астық тұқымды дақылдар қатарына кіреді. Оның сабанын жеген сиырдың сүтінің құнары артып, оның дәнінен азықтық жарма және ұн өндірілетін болады. Одан бөлек сабағынан қағаз өңделіп шығарылады екен. Ал оның дәні болса малға көк азық, сүрлем, шөп ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, африкалық тарыны жеген тауықтардың жиі жұмыртқалайтынын ғалымдар анықтапты. Жұмыртқаның қабығы қатты болып, әрі ұзақ сақталатыны тағы бар. Сондай-ақ, шаруашылықта былтыр алғаш рет тамшылатып суару технологиясымен 2 гектар жерге жүгері егілді. Алынған өнім көлемі мол болған. Осы әдіс арқылы биыл да 30 гектар жерге жүгері егу де жоспарланып отыр.
Биыл өндірістік сынақ үшін мал азығы ретінде Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы "РзаАгро" шаруа қожалығына тиесілі жерге африкалық тары егілетін болады. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысатын компания осылайша жаңашыл жобаны қолға алмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ы.Жақаев атындағы "Қазақ күріш шаруашылығы" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС бас директорының орынбасары Ибадулла Тәутеновтің айтуынша, африкалық тары астық тұқымды дақылдар қатарына кіреді. Оның сабанын жеген сиырдың сүтінің құнары артып, оның дәнінен азықтық жарма және ұн өндірілетін болады. Одан бөлек сабағынан қағаз өңделіп шығарылады екен. Ал оның дәні болса малға көк азық, сүрлем, шөп ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, африкалық тарыны жеген тауықтардың жиі жұмыртқалайтынын ғалымдар анықтапты. Жұмыртқаның қабығы қатты болып, әрі ұзақ сақталатыны тағы бар.
Сондай-ақ, шаруашылықта былтыр алғаш рет тамшылатып суару технологиясымен 2 гектар жерге жүгері егілді. Алынған өнім көлемі мол болған. Осы әдіс арқылы биыл да 30 гектар жерге жүгері егу де жоспарланып отыр.