"ҚазТрансГаз" АҚ мен LeMar CA Inc. компаниялар тобы Қарағанды көмір бассейнінің метанын барлау мен өндіру туралы инвестициялық жобаны қолға алды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚазТрансГаз" АҚ мен LeMar CA Inc. компаниялар тобы Қарағанды көмір бассейнінің метанын барлау мен өндіру туралы инвестициялық жобаны қолға алды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді аталған жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құрылмақ. Көмір кен орындарының метанын өндіру мен кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы 2010 жылғы жоба шеңберінде ҚР орталық және солтүстік өңірлерін газдандырудың баламалы нұсқаларын зерделеу мақсатында іске асыратын болады.
"Көмірсутек шикізатын өндіру саласы инновациялық жоба болып саналады. Сондай-ақ болжамды қорлары еліміздің отын-энергетикалық базасының баламалы құрамдасы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін маңызы зор дәстүрлі емес энергия тасымалдаушылардың біріне жатады. Осының негізінде еліміздің солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету ісі бастау алып отыр, - дейді "ҚазТрансГаз" АҚ-ның бас директоры Серік Сұлтанғали.
"ҚазТрансГаз" АҚ-мен серіктес болып отырған LeMar CA Inc.компаниялар тобы АҚШ аумағында жылына шамамен 36 млрд текше метр газ өндіреді. Аталған LeMar CA Inc. компаниялар тобы АҚШ-та және әлемде көмір мен тақтатас газдарын (метан) өндіру жөніндегі толық жобаларды іске асырумен айналысып келеді. Газ дайындау және қайта өңдеу кешендерін жүргізеді, ең үздік бұрғылау схемаларын, синтетикалық метан, отын және электр энергиясын алумен жерасты газдандыру жобаларын әзірлейді.