Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

"ҚазТрансОйл" сәуірден бастап экспорттағы мұнай бағасын көтермек 26 наурыз 2014, 20:06

"ҚазТрансОйл" АҚ 1 сәуірден бастап экспорттағы мұнай бағасын 1000 тонна-шақырымға шаққанда (салық төлемінсіз) 5 817,2 теңгеге көтерді
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

courtesy of kmg.kz сайтынан courtesy of kmg.kz сайтынан

"ҚазТрансОйл" 1 сәуірден бастап экспорттағы мұнай бағасын көтермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мұнай өнімдерін өндіру және магистральды құбырларды жүргізу жұмыстарының тарифтерін белгіледі. "ҚазТрансОйл" АҚ 1 сәуірден бастап экспорттағы мұнай бағасын 1000 тонна-шақырымға шаққанда (салық төлемінсіз) 5 817,2 теңгеге көтерді. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қазіргі тарифтік көрсеткіш 1000 тонна-шақырымға шаққанда (салық төлемінсіз) 4 850,6 теңге. 

Мұнайдың ішкі нарықтағы бағасы өзгеріссіз қалды. 1000 тонна-шақырымға шаққанда (салық төлемінсіз) 2 931,8 теңге. 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram