Келімбетов девальвация туралы қауесеттерге түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келімбетов девальвация туралы қауесеттерге түсінік берді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов. ©Ярослав Радловский

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте девальвация туралы қауесеттерге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте девальвация туралы қауесеттерге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алаңдауға себеп жоқ деп есептеймін. Ақпан айында болған валюталық түзетудің беріктік қоры өте мықты болды", - деді Келімбетов. 

"Түрлі бағалауларға келсек, өкінішке қарай, биыл біз "слухократия" аталатын құбылысқа жиі ұшырадық. Белгілі бір экономистер біресе девальвацияны болжай білуді, енді біресе оны жоққа шығаруды өзінің борышы санайды. Бұл бұзылған сағаттың бір күнде дәл уақытты екі рет көрсетуі сияқты. Экономистердің көбі әлемде дағдарыстың болатынын не болмайтынын болжап жатады. Адамдар айтқан мұндай жағдайлардың арғы-бергі тізімін бақылап отыру керек деп есептеймін. Егер ол екі рет дәл тапса, онда мұның әділ бағалау емес екендігі түсінікті. Оның үстіне, бұл - девальвацияға алаңдауды қолдан жасау, әрі әрбір адамның, әр сарапшының жауапкершілігі деп есептеймін", - деді ол Қазақстанда девальвацияның екінші толқынының болу мүмкіндігі туралы айтқан сарапшы-экономистер туралы.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов девальвацияның қайталану мүмкіндігі туралы қауесеттерді жоққа шығарған болатын. 
 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети