ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте девальвация туралы қауесеттерге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте девальвация туралы қауесеттерге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алаңдауға себеп жоқ деп есептеймін. Ақпан айында болған валюталық түзетудің беріктік қоры өте мықты болды", - деді Келімбетов.
"Түрлі бағалауларға келсек, өкінішке қарай, биыл біз "слухократия" аталатын құбылысқа жиі ұшырадық. Белгілі бір экономистер біресе девальвацияны болжай білуді, енді біресе оны жоққа шығаруды өзінің борышы санайды. Бұл бұзылған сағаттың бір күнде дәл уақытты екі рет көрсетуі сияқты. Экономистердің көбі әлемде дағдарыстың болатынын не болмайтынын болжап жатады. Адамдар айтқан мұндай жағдайлардың арғы-бергі тізімін бақылап отыру керек деп есептеймін. Егер ол екі рет дәл тапса, онда мұның әділ бағалау емес екендігі түсінікті. Оның үстіне, бұл - девальвацияға алаңдауды қолдан жасау, әрі әрбір адамның, әр сарапшының жауапкершілігі деп есептеймін", - деді ол Қазақстанда девальвацияның екінші толқынының болу мүмкіндігі туралы айтқан сарапшы-экономистер туралы.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов девальвацияның қайталану мүмкіндігі туралы қауесеттерді жоққа шығарған болатын.