Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистердің "Қазақстанда тағы бір девальвация болса, Ұлттық банк төрағасы болып қала беруге дайынсыз ба" деген сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистердің "Қазақстанда тағы бір девальвация болса, Ұлттық банк төрағасы болып қала беруге дайынсыз ба" деген сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер Келімбетовтің ақпан девальвациясынан бұрын оның болмайтыны туралы айтқан мәлімдемесін еске салды. "Егер девальвация тағы қайталанатын болса, халық алданған болып шықса, Сіз Ұлттық банк басшысы қызметін атқаруды жалғастыра бересіз бе?" - деп сұрады БАҚ өкілдері.
"Бізді ақпан айында "сондай ауқымды девальвация не үшін қажет" деп сынады. Бүгінде "неге ол аздаған девальвация болды" деп сынап жатыр, бұрын "девальвация керек пе" десе, енді "екінші девальвацияны өткізейік" дейді. Бұл жерде төлем балансына қатысты және валюта нарығындағы экономикалық ахуалмен байланысты саясат жүргізуде Ұлттық банктің жауапкершілігі аса мұқият. Мен Ұлттық банк туындағалы тұрған мәселелерге өте дәл жауап беріп отыр деп есептеймін", - деді Келімбетов.
Ол Ұлттық банктің не себепті алдымен девальвация болмайтынын айтып, кейін ақпан айында оны өткізгені туралы да айтып берді.
"Өткен жылдың қазан айында біз валюта бағамының өзгеруіне ықпал ететін іргелі факторлардың жоқ екенін айттық. Бүгін мен сіздерге ол факторларды тізбелеп шықтым: Ресей экономикасындағы санкциялар енгізілмегеннен бұрынғы кезеңдегі ахуал, Ресей рублі әлсіреуінің осы жылдың қаңтар-ақпан айларындағыдай күшті болмауы. Ол кезде мұнай бағасы барреліне 115 доллардан асатын болды, сәйкесінше, "шілде айында бағаның 115-тен 80-ге дейін түсетіні білінді ме" деген сауалға "білінбеді, мұны ешкім айта алмады" деп жауап беремін", - деді ол.
"Ақпан айында біз 2014-2016 жылдарға арналған орташа мерзімді келешекті қарастырған кезде, әрине, қараша-желтоқсан, қаңтар-ақпан айларындағы геосаяси шиеленіс, 2012-2013 жылдардың қорытындысы бойынша қаңтар-ақпан айларында болған Ресей рублінің әлсіреуі, Еуропа мен Қытай экономикасының одан әрі әлсіреуі - мұның бәрі егер валюталық түзету жасалса, ол беріктілік қоры мен орташа мерзімдегі келешекте не болатыны бағдарлап алынып жасалуы керек. Бізде беріктілік қоры жасалды. Әлемдік экономикада бұдан кейін не болатыны Ұлттық банкке байланысты емес. Бұл - барлық қабылданған шара дұрыс па, жоқ па деген сауалға тікелей жауабым", - деді Ұлттық банк басшысы.