05 қыркүйек 2014 18:43

Кинотеатрларда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото grodno24.com сайтынан алынды Фото grodno24.com сайтынан алынды

Кинотеатрларда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Кинотеатрларда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметі атап көрсеткеніндей, биыл "Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруде мемлекеттік бақылау орнату туралы" Заңға толықтырулар енгізілген болатын. Ол заңдағы 2-баптың 3-тармағында көрсетілгендей, мәдени орындарда әрі адамдар жиі қатынайтын мекемелердің аумағында алкоголь өнімдерін сатуға және сақтауға тыйым салынған болатын.

"Мәдениет туралы" заңға сәйкес, мәдени-қоғамдық орындарға клубтар, мәдени және демалыс саябақтары, мәдениет сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары кіреді. "Заңда көрсетілгендей, бұл тізімге аты аталып, түсі түстелген қоғамдық орындар болмаса кинотеатрлар кірмейді. Және кинотеатрларда алкоголь өнімдерін сақтауға да, сатуға да тыйым салынған жоқ", - делінген ведомство таратқан мәліметте.  

Бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, кәсіпкерлер кинотеатрларда алкоголь өнімдерін саудалауға және сақтауға салық органдары тыйым салып отырғанын айтып шағымданған. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети