©Нұрғиса Елеубеков
Мұнай және газ министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін диқандар үшін жанар-жағар майдың бағасын бір литрі үшін 95 теңге көлемінде бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап. Министр атап көрсеткендей, бұл баға негізгі үш аймақ - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына тарайтын болады. Ал оңтүстікте жанар-жағар майдың бағасы арзандау болады. "Көктемгі егіс жұмыстарына арналған жанар-жағар майдың қоры 360 мың тоннаны құрап отыр. Оған нарықтағы бағаның өзгеруі еш әсер етпейді", - деді бүгінгі баспасөз мәслихатында А.Мамытбеков. Айта кеткен жөн, қазіргі кезде жанар-жағар май стансаларында дизельді отынның бір литрі 102 теңгеден сатылып жатыр. Министрліктің ресми ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдары 21,8 млн. гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,5 пайызға артық. Ал Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұқым тапшылығы 16,9 мың тоннаны құрайды деген болжам бар. Оның барлығы мемлекеттік резервтің есебінен өтеледі.
Мұнай және газ министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін диқандар үшін жанар-жағар майдың бағасын бір литрі үшін 95 теңге көлемінде бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап.
Министр атап көрсеткендей, бұл баға негізгі үш аймақ - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына тарайтын болады. Ал оңтүстікте жанар-жағар майдың бағасы арзандау болады. "Көктемгі егіс жұмыстарына арналған жанар-жағар майдың қоры 360 мың тоннаны құрап отыр. Оған нарықтағы бағаның өзгеруі еш әсер етпейді", - деді бүгінгі баспасөз мәслихатында А.Мамытбеков. Айта кеткен жөн, қазіргі кезде жанар-жағар май стансаларында дизельді отынның бір литрі 102 теңгеден сатылып жатыр.
Министрліктің ресми ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдары 21,8 млн. гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,5 пайызға артық. Ал Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұқым тапшылығы 16,9 мың тоннаны құрайды деген болжам бар. Оның барлығы мемлекеттік резервтің есебінен өтеледі.