07 сәуір 2016 17:47

Қолма-қол төлемдерге шектеу заңды тұлғалар үшін ғана енгізіледі - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қолма-қол төлемдерге шектеу заңды тұлғалар үшін ғана енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Бұл туралы ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев мәлімдеді.


Қолма-қол төлемдерге шектеу заңды тұлғалар үшін ғана енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Бұл туралы ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев мәлімдеді.

Заң жобасының таныстырылымы бүгін, 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өтті. 

Терентьев осылайша заңды тұлғалардың бюджетке салықтық және өзге де төлемдерді, сондай-ақ қолма-қол нысанда төленуі мүмкін ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуді қоспағанда, заңды тұлғалар банк шоттарын ашқан кезде ғана төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігі көзделетінін түсіндірді. Бұл норма сондай-ақ ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптармен байланысты және бұдан басқа, көлеңкелі экономикамен және жалған кәсіпкерлікпен күресті күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, Ұлттық банк өкілінің айтуынша, заң жобасында заңды тұлғалар арасында тек қолма-қол ақшасыз нысанда ғана 1000 АЕК-тен астам мәміле бойынша төлемдер жүргізуді көздейтін "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан қолданыстағы норма сақталған. Қолданыстағы заң жаңа заң жобасы қабылданғаннан кейін күшін жояды.

"Жеке тұлғаларға қатысты айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР Парламентінің қарауына енгізген Заң жобасының нұсқасы оларға қатысты қолма-қол ақшаны пайдалануға қандай да бір шектеулер не төлемдерді жүзеге асырудың өзге тәсілдерін енгізуді көздемейді. Жеке тұлғалар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қажеттілікті қанағаттандырған кезде қолма-қол, сол сияқты қолма-қол ақшасыз қаражатты таңдауда және пайдалануда ерікті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети