Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бір жыл ішінде бес пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бір жыл ішінде бес пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл мамырда Қазақстанда дүңгіршекті жалға алудың орташа құны бір шаршы метр үшін 8,2 мың теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 18,8 пайызға артық.
Сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді жалға алу құны бір жылда 14,1 пайызға, 4,9 мың теңгеге артқан. Сондай-ақ, асханаларды (10,7 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін), валюта айырбастау пункттерін (9 пайызға, 6,9 мың теңгеге дейін), фитнес-клубтар мен жаттығу залдарын (8,8 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін) жалға алу бағасы айтарлықтай өскен.
Офистерді жалдау құны офистің сыныбына байланысты бір шаршы метр үшін 1,4 мың теңгеден 4,4 мың теңгеге дейін құбылып отыр. D санатындағы қойма үшін жалға алу 679 теңгеден А санатты қойма үшін 2,9 мың теңгеге дейін қымбаттаған.
Көлік жуу орнын жалға алу 4,3 пайызға, 959 теңгеге дейін арзандады.
Жалпы, биыл мамырдың қорытындысы бойынша коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы бір жылда 4,8 пайызға артты. Сонымен қатар, 2021 жылдың сәуірімен салыстырғанда жалдау құны бір айда, керісінше, 0,3 пайызға төмендеген.
Айлық арзандау тек үш өңірде: Шымкентте (6,5 пайызға ), сондай-ақ Павлодар (0,7 пайызға ) және Алматы (0,5 пайызға) облыстарында тіркелген. Секторда өсім Астана мен Түркістан облысында 0,3 пайызға байқалған.
Жылдық серпінде Маңғыстау облысында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру 44,3 пайызға, Атырау облысында 34,1 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында 12 пайызға қымбаттады.
Әкімшілік-офистік мақсаттағы үй-жайды жалдау бір айда 0,4 пайызға қымбаттады. Паркингтерді жалға алу бағасы өзгеріссіз қалды. Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу құны 0,1 пайызға, өндірістік үй-жайларды - 0,2 пайызға, қойма - 0,5 пайызға, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері - 0,6 пайызға, сауда орындары - 0,9 пайызға арзандаған.
Бір жыл ішінде сауда орындарын жалға алу 11,4 пайызға, паркингтер - 9,9 пайызға, мейрамханалар мен тамақтану орындары - 4,8 пайызға, тұрмыстық қызмет көрсету пункттерін - 4,4 пайызға, әкімшілік-офистік мақсаттағы үй-жайлар - екі пайызға, қойма - 1,4 пайызға, өндірістік үй-жайларды жалға алу - 0,5 пайызға қымбаттаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!