25 қыркүйек 2014 | 20:46

Қор биржасында юаньмен сауда-саттық жасала бастауы нені аңғартады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Бүгін «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) валюта алаңында Қытай юані - Қазақстан теңгесі валюталық жұбымен сауда-саттықты іске қосты. Сауда таңертеңгі сессия кезінде Қытай юанімен, теңгемен есептеле отырып жүргізіледі. «Бұл ауқымды жұмысты іске қосуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Ұлттық Банкінің арасында жүргізілген бірқатар келіссөздер оның ішінде қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитеті отырыстарының, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ жүргізген дайындық жұмысының шеңберінде қол жеткізілді» дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Иконка комментария блок соц сети

Теңге-юань жұбы бойынша сауда-саттық кешелі-бүгін Алматыда өткен Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің IX отырысы аясында ашылды.

Сөйтіп, қазіргі уақытта KASE-де теңге, АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі және Қытай юаньі бойынша сауда-саттық жүргізілуде. Ал енді биржадағы теңге, еуро, доллар, рубль саудасының легіне юаньнің келіп қосылуына қатысты «Алаш айнасы» талдау жасап көруді жөн көрді.

Негізінде, қазірде халықаралық сарапшылардың юаньнің әлем бойынша резервтік валютаға айналатынын жиі айтып жатқан тұс. Бұл ретте «Қытай юаньі бірте-бірте АҚШ долларын ығыстырып халықаралық валюталық қордың есеп бірлігін яғни халықаралық валюталар себетінен көрінуі тиіс» деп болжайтындар да жоқ емес.

Жалпы, Қытай билігі халықаралық сауда-саттықта юаньді пайдалану туралы келісімдерді жиі жасайды. Бұған қоса Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығына мүше елдермен қор биржасында сауда-саттық операцияларын жасауда юаньді кеңінен пайдалануға күш салуда. Бір сөзбен айтқанда Қытай юань арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен өзге мемлекеттерде де жаңа кеңістіктерді бағындыруға қарқынмен күш салуда. Бірақ сарапшылардың пайымдауынша, «әзірге юаньнің толық конвертациясы болады» деп дөп басып айту қиын. «Бірақ болашақта теңге-юань қарым-қатынасы нығая түседі» дейді сарапшылар.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети