Күрт қымбаттамайды - министрлік қант бағасы туралы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күрт қымбаттамайды - министрлік қант бағасы туралы Фото:elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант бағасы тұрақты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант бағасы тұрақты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы, әлем бойынша қант бағасы қымбаттады. Бірақ бізде тұрақты. Қант бір өңірлерде 400-ден, кейбір жерлерде 500 теңгеден сатылып жатыр. Бұл қанттың жеткізілуіне, биржалық бағаларға байланысты. Бізде 4 зауыт бар, оларды шикізатпен толық қамтамасыз еттік. Мамырда шамамен 32-35 мың тонна, маусымда шамамен 40-45 мың тонна өндіріс болады деп күтеміз. Өндірілген көлемдер ішкі тұтынуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті", - деді министр Үкімет отырысында.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы қант бағасы күрт қымбаттамайтынын айтты.

"Сондай-ақ, қант бағасы бөлшек сауда желілеріндегі бағаға байланысты. Жалпы, қант бағасы тұрақты. Бізде Қазақстанда өндірілетін қанттың шамамен 70 пайызы құрақ қантынан өндіріледі. Қант саласын дамыту бағдарламасын әзірлеудеміз. Жыл соңына дейін баға күрт қымбаттамайды", - деді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, әлемде құрақ қантының бағасы төмендесе, баға да төмендеуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети