20 қазан 2015 10:44

Қырғызстанда қазақстандық тауарларға бақылау күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қырғызстанның мемлекеттік салық қызметі (МСҚ) тиісті салықтарды реттеу мақсатында Қазақстаннан тасымалданатын өнімдерге бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР МСҚ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Қырғызстанның мемлекеттік салық қызметі (МСҚ) тиісті салықтарды реттеу мақсатында Қазақстаннан тасымалданатын өнімдерге бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР МСҚ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Мұндай шара Қазақстаннан Қырғызстанға тауар тасымалдаушы кәсіпкерлердің өнім талондарындағы бағаны тым төмендетіп көрсетулеріне байланысты қолға алынып отыр. Енді талондардың толтырылуы шекарамен және Қырғызстан МСҚ-мен, республика шекарашыларымен қадағаланатын болады.

"Соңғы бір мысал. Үш күнде Қырғызстанға 1 мың 237 тонна ұн тасымалданып, 4 миллион сом көлеміндегі сома көрсетілген. Есептеп қарасақ, импортталатын 1 келі ұнның бағасы 3 сомға тең, ал нарықтағы бағасы - 20-23 сом. Осының кесірінен республиканың кәсіпкерлері мен бюджеті зардап шегіп отыр", - деп мәлімдеді ҚР МСҚ төрағасы Замирбек Осмонов.

Осыған байланысты, салық салу мақсатында тасымалданатын тауарлардың баға деңгейін бақылау және анықтау механизмін енгізу мәселесі қарастырылады.

"Мысал ретінде сол ұнды алайық, бақылдау деңгейін келісіне ең кемі 15 сом деп белгілеуге болады. Талонда 3 сом деген баға көрсетілсе де, салық жинаушылар 15 сомға салық алатын болады", - деп ескертті Осмонов.

Сонымен қатар, Қырғызстанның үкіметіне құжаттың жобасы ұсынылады, ол талон толтыруды қажет етпейтін жеке қолданысқа қажетті, тасымалдауға болатын тауарлардың көлемі мен тізімін анықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети