©Нұрғиса Елеубеков
Қызылорда қаласында апатты жағдайда тұрған 6 көпқабатты тұрғын үй қайта салынып, толықтай шешімін табады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс орталығында барлығы 697 көп қабатты тұрғын үй бар. Мамандардың айтуынша, солардың 19-ы апатты жағдайда. Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында сондай жағдайда тұрған 6 көпқабатты үй қайта салынбақшы. Бұл тұрғын үйлер негізінен қаланың Титов қыстағы аймағында орын тепкен. 2013 жылы республикалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы тоқтап қалғаны белгілі. Соған қарамастан Қызылорда да биыл 95 тұрғын үй мен 5 шақырымдық жылу жүйесін жөндеу көзделіп отыр. Бұл мақсатта 2 млрд. теңге ақша қаралуда. Сондай-ақ, биыл Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 95 арендалық, 6 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға берілмек. Соның нәтижесінде 836 отбасы қоныс тойын тойламақ. Ал былтыр 89 арендалық, 4 ипотекалық үй салынып, 550-ден астам отбасы баспаналы болған еді.
Қызылорда қаласында апатты жағдайда тұрған 6 көпқабатты тұрғын үй қайта салынып, толықтай шешімін табады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс орталығында барлығы 697 көп қабатты тұрғын үй бар. Мамандардың айтуынша, солардың 19-ы апатты жағдайда. Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында сондай жағдайда тұрған 6 көпқабатты үй қайта салынбақшы. Бұл тұрғын үйлер негізінен қаланың Титов қыстағы аймағында орын тепкен.
2013 жылы республикалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы тоқтап қалғаны белгілі. Соған қарамастан Қызылорда да биыл 95 тұрғын үй мен 5 шақырымдық жылу жүйесін жөндеу көзделіп отыр. Бұл мақсатта 2 млрд. теңге ақша қаралуда.
Сондай-ақ, биыл Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 95 арендалық, 6 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға берілмек. Соның нәтижесінде 836 отбасы қоныс тойын тойламақ. Ал былтыр 89 арендалық, 4 ипотекалық үй салынып, 550-ден астам отбасы баспаналы болған еді.