27 наурыз 2014 14:32

Қызылордада мал шаруашылығын ғылыми негізде дамытпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен инвестициялық жобаларды қолға алып отыр. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы университет ғалымдарымен бірігі отырып, мал тұқымын асылдандыру селекциялық жұмыстарын жетілдіруге көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл орайда қазақтың ақ бас сиыры мен Еділбай қойының селекциясын жүргізуге нақты келісім жасалды. Қазақтың ақ бас сиыры жергілікті аймаққа қолайлы тұқымдардың бірі саналады. Оны негізінде ет бағытында өсіреді. Қазақтың ақбас сиыры сиырдың етті тұқымы саналады. Сиырдың бұл тұқымы қазақ пен қалмақтың герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932-1950 жылдар аралығында шығарылған. Сақа бұқасы орташа есеппен 800-900 келі (кейде 1100-1300 келі), сиыры 450-500 келі (кейде 520-580 келі) тартады.

Қойдың нағыз қазақы тұқымы - Еділбай қойы. ХІХ ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Қошқарының салмағы 100-120 келі (кейде 160 келі), саулығы 65-75 келіге (кейде 115 келі) жетеді. Сондай-ақ, қызылордалық шаруалар оңтүстік-батыс егін және мал шаруашылығын дамыту ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен біріге отырып, нарықта зор сұранысқа ие қаракөл қойының көк түсін өсіруге ниет білдірді. Оған академик Хисматулла Үкібаев жетекшілік жасайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети