17 наурыз 2014 | 12:18

Мәжілісмендер тарифтен түскен қаражаттың жұмсалу ашықтығына алаңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мансұр Хамит ©Мансұр Хамит

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі халық қаражатының соңғы тиынына дейін қайда, қалай жұмсалу нәтижесін ұдайы жариялап отыруы тиіс. Осыған орай, мәжілісмен Сейітсұлтан Әйімбетов ұлғайтылған шекті тарифтерден түскен қаржының қалай жұмсалып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. "Негізгі инвесторлар болып табылатын халық қаражатының қайда кетіп жатқаны, яғни жұртшылықтың қалтасынан төленген қаражаттың қалай жұмсалғанын халықтың өзі білуге тиіс. Бұл жерде түбегейлі ашықтық керек. Осыған орай, 2016 жылға қарай тарифті инвестицияға айырбастау саясаты секілді, инвестициялық бағыттан электр қуатының нарығына бағытталған саясатқа көшетініміз белгілі. Ал ол үшін электр энергетикасы объектілерінің дайындығын қаншалықты екенін айқындау маңызды", - деді депутат Сейітсұлтан Әйімбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында. Депутаттың айтуынша, осындай дайындықты анықтау үшін арнайы аудит жүргізу қажет. "Жалпы, табиғи монополиялармен реттелетін нарық субъектілерінің қызметін бақылау мен қадағалау тетіктерін күшейтетін де кез келді. Бұдан бөлек, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерде өндірістерді жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша жауапкершілікті қатайтатын да уақыт жетті", - деп санайды депутат С.Әйімбетов.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети