Маңғыстау облысының барлық жанар-жағар май құю бекеттерінде газдың бағасы 37 теңге болды, - деп хабарлайды Lada.kz. Мұндай мәлімдемені Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев жасады. Ол аймақтағы газ бағасы тұрықтылығын қадағалайтын штабты басқарады.
Маңғыстау облысының барлық жанар-жағар май құю бекеттерінде газдың бағасы 37 теңге болды, - деп хабарлайды Lada.kz. Мұндай мәлімдемені Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев жасады. Ол аймақтағы газ бағасы тұрықтылығын қадағалайтын штабты басқарады.
Оның айтуына қарағанда, соңғы екі аптада болған кезек қазір жоқ. "Кәсіпкерлермен газ бағасын көтермей, 37 теңгеде ұстап тұруға байланысты түбегейлі келісімге келдік. Кәсіпкерлермен тез тіл табыстық. Жағдай бір қалыпқа келтірілді, алдағы уақытта барлығы тұрақталады деп үміттенемін", - дейді ол. Ал әкімшілікте жанар-жағар май бекеттерінің қожайындарына қысым көрсетілмегені айтылды. Қазір бекеттерге газдың жетуін және оның бағасын әкімшілік қызметкерлері қадағалап отыр. Сондай-ақ ҚазГӨЗ зауыты бақылауға алынды.
Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, көгілдір отынды заңсыз облыс аймағынан тысқары алып шыққан адамдар анықталады. "Бұл сұрақпен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Алдағы уақытта мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін заңға сай шаралар қолданылып жатыр. Кінәлі адамдар жауапқа тартылып, барлық айыптылардың есімдері БАҚ бетінде жарияланады", - дейді ол. Сондай-ақ Алдашев жуық арада такси тарифінің жоғарылау мәселесін де қалыпқа келтіреміз деп уәде берді. Айта кетейік, бұл өңірде бір айда 9,5 тонна газ қажет етіледі. Көгілдір отынды тасымалдаумен 128 кәсіпкер айналысады.
Еске салайық, газдың құны 80 теңгеге жеткеннен кейін Ақтау таксистері тарифтерін 50 пайызға көтерген еді. Жеке таксилерде жол жүру құны 300 теңгеге қымбаттаса, қоғамдық таксилерде 50 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін газдың бағасы бұл өңірде 35 теңгеден жоғары болмаған.