14 қараша 2014 | 15:28

Маңғыстау облысында планшет пен теледидар құрастырылмайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©aktau-news.kz ©aktau-news.kz

Өңір басшысы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысында планшет өндіретін зауыттардың ашылмайтынын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өңір басшысы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысында планшет өндіретін зауыттардың ашылмайтынын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айтқым келетіні, біз өңірдің даму стратегиясы мен мамандандырылуы мәселесін нақты анықтадық, сондықтан болашақта планшеттер мен теледидарлар құрастыратын ешқандай да зауыт болмайды. Бұл біздің басымдығымыз емес", - деді ол.

Әкім планшеттер өндіретін даулы зауыттың шын мәнінде жұмыс істемегендігін айтты. "Өнімді құрастыру бойынша сынақ жұмыстары болды, бірақ зауыт, жұмсартып айтсақ, бүгінгі талаптарға сай келмейді. Оның үстіне қылмыстық істер, құқықбұзушылықтар болғанын білесіздер. Бүгінде "Каспий" ӘКК құйған қаржының есебінен өздері сол ғимараттың иесі болып қалды, қазірде босап тұрған ғимараттарды қолдануға тапсырма берілді, оларда мәселен жаңа өндіріс ашуға болады. Олар қазір осы бағытта жұмыс жасап жатыр", - деді Айдарбаев.

Еске сала кетейік, Ақтауда 2011 жылы ашылған плазмалық теледидарлар мен планшеттер өндіретін зауыт сәтсіз деп танылған болатын. Кәсіпорын қытайлық құрылғыларды сатып алып, оларды өзінің өнімі деп көрсеткен еді. Электронды өнім шығаратын Caspiy Electronics кәсіпорнының ашылу жоспары туралы 2011 жылы қазанда хабарланған. Бұл зауыт 30 жылдың ішінде бүкіл Қазақстанды планшетпен қамтамасыз етеді деген болжам жасалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети