Мемлекет жеке төлем ұйымдарын бақылауға алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет жеке төлем ұйымдарын бақылауға алады ©Ярослав Радловский

Мемлекет жеке ұйымдар іске асыратын жылдам төлем жасау нарығын бақылауына алады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкі даму және төлем жүйелерін басқару департаментінің басқарма бастығы Ерлан Ашықбеков айтты. Бүгінде мұндай төлем ұйымдарының қызметі ешқалай реттелмейді - Ұлттық банк төлем қызметтері нарығына тұңғыш рет анықтама беретін заң жобасын жасап жатыр.

"Қазақстанда көптеген төлем ұйымы бар, біз олардың айналымы қандай екенін, ақша қабылдайтын қанша пункт бар екенін, тұтынушылар құқығы қалай қамтамасыз етілетінін және қаражаттың қалай сақталатынын білмейміз. Бұған қоса, мемлекет бұл төлем ұйымдары терминалдар арқылы қанша ақшаны қолма-қол қабылдайтынын, ақшаның қайда бағытталатынын, алушыға қаражат қандай режимде және қандай мерзімде жеткізілетінін білмейді де, қадағаламайды да. Бұл мәселелердің бәрі қазір "Қазақстандағы төлемдер мен аударымдар туралы" заңның орнына жасалатын "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" жаңа заң жобасында жазылатын болады", - дейді Ашықбеков.

Ұлттық банк өкілі жаңа заң жобасының 2015 жылдың соңында Парламенттің қарауына берілетінін айтты. Ұлттық банк төлем ұйымдарын есепке алу және тіркеу есебінен реттеуді ойластырып отыр. Төлем ұйымдары реттеушіге барлық ақпаратты ұсынып отыруы тиіс. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети