10 наурыз 2020 09:28

Металл бағасы да төмендеп жатыр - Дәленов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем нарығында мұнайдың да, металдың да бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.


Әлем нарығында мұнайдың да, металдың да бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

"Мұнай котировкасы барреліне 34 доллар болды. Жыл басындағы көрсеткішке қарағанда бұл екі есе төмен. Ал күндік мәні барреліне 31 долларға дейін барды. Металл бағасы төмендеп жатыр. Цинк бағасы 16 пайызға, мыс - 12, темір рудасы - 4, ферроқорытпа - 1,2 пайызға төмендеді", - деді Дәленов үкімет оттырысында.

Оның айтуынша, әлем нарығында баға құбылмалы болып тұр. Жыл басынан бері америкалық биржа индекстері 14 пайызға, ал еуропалық индекстер 15 пайызға, қытайлық индекстер 13 пайызға төмендеген.

"Мұндай тенденция сыртқы нарықтың құбылмалы екенін көрсетіп отыр", - дейді ол.

Сонымен қатар, Дәленов халықаралық рейтинг агенттіктерінің жақында Қазақстанның егемен кредиттік рейтингтерін "тұрақты" деңгейде екенін растағанын айтты. Оның айтуынша, бұл макроэкономикалық тұрақтылыққа, ішкі сұраныстың резервтеріне және мұнай емес сектордың өсуіне байланысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети