ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2020 | 12:03
Министр ақшаны қай валютада сақтау керегін айтты
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазақстандықтарға ақшаны қай валютада сақтау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазақстандықтарға ақшаны қай валютада сақтау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қай валютада сақтаған дұрыс? Меніңше, мұнда әркімнің стратегиясы әртүрлі. Ол әр адамның шығындарына байланысты. Шығындарыңыздың көбі теңгемен болса, онда ақшаны теңгемен сақтаған дұрыс. Ал егер басқа валютада ақша жұмсайтын болсаңыз, ақшаның белгілі бір бөлігін басқа валютада сақтаған жөн. Менің пікірім осындай", - деді Дәленов.
Еске салайық, министр Дәленов мұның алдында әлем нарығында мұнайдың да, металдың да бағасы төмендеп жатқанын айтқан еді. Оның айтуынша, әлем нарығында баға құбылмалы болып тұр. Жыл басынан бері америкалық биржа индекстері 14 пайызға, ал еуропалық индекстер 15 пайызға, қытайлық индекстер 13 пайызға төмендеген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также