Министр Жаңа жыл қарсаңында азық-түліктің қымбаттауын түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы өсетініне дайын болуға шақырды және мемлекет кәсіп ісіне араласпайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы өсетініне дайын болуға шақырды және мемлекет кәсіп ісіне араласпайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Меніңше, бұл барлығы да болжаған шара. Бұл кейбір адамдардың әрекеті емес, бұл күн сайын көрісетін адамдардың - біздің туыстарымыз, кәсібі барлар, кішігірім дүкендері барлар. Бұл әрекетті сол себепті де ақтап алуға болады, өйткені сұраныс көп болса, баға өседі", - деді Сүлейменов. 

Ол мысал ретінде жаз мезгіліндегі қонақүй нөмірлерін келтірді.

"Бұл нарық, сол себепті осыған дайын болу қажет. Мемлекет өзіне әлеуметтік тауарларды алып, арнайы дүкендерде жазғы бағамен сатады деген әбестік болады. Мұны министрлік емес, үкімет емес, мұны нарық субъектілері жасайды", - деді министр. 

Сонымен қатар, Сүлейменов ашкөздікке бой алдырған саудагерлерге де ескерту жасады. "Бағаны тым ұшырып жібергендерді монополияға қарсы тергеу құралдары арқылы жазалаймыз", - деді ол. 

Министрдің айтуынша, маусымдық бағаның көтерілуі инфляцияға әсер етпейді екен. "Біз осы 5-7 пайызды сақтап қаламыз деген сенімдеміз", - деп түйіндеді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro