Министр Қуантыров Мәскеу биржасындағы теңге саудасы туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Қуантыров Мәскеу биржасындағы теңге саудасы туралы айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәскеу биржасындағы инвесторлардың қызығушылығы қазақстандық валютаға қалай әсер ететіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәскеу биржасындағы инвесторлардың қызығушылығы қазақстандық валютаға қалай әсер ететіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Мәскеу биржасында теңге саудасы көлемінің 4,2 миллиард рубльден асуы Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін сұрады.

"Ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ, валюта Мәскеу биржасында саудаланып жатыр, бұл жақсы көрсеткіш. Бұл теңге сұранысқа ие екенін білдіреді. Менің ойымша, бұл үрдіс теңгенің рубльге және басқа валюталарға шаққандағы бағамын нығайтады, бұл инфляцияға да жақсы әсер етеді, өйткені біз де кейбір тауарлар мен азық-түлік тауарларын импорттаймыз. Бірақ рубльдің теңгеге қатысты тепе-теңдігіне келетін болсақ, бұл теңгенің нығаюына оң әсер етеді", - деді Қуантыров журналистер сұрағына жауап беріп.

Сонымен қатар, министр теңге тұрақты динамика көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Көріп отырсыздар, егер қандай да бір дүрбелең кезеңдерді қарамасақ, теңге айтарлықтай тұрақты динамикаға ие. Осы жыл теңгенің айтарлықтай тұрақты, күшті валюта екенін көрсетті және түрлі факторлар әсерінен теңгенің рубльге қатысты құнсыздануы байқалды", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети