Минус 70 миллиард доллар: IBM 58 жылдағы ең ірі құлдырауға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Минус 70 миллиард доллар: IBM 58 жылдағы ең ірі құлдырауға ұшырады Фото:depositphotos.com/ MichaelVi

Америкалық IBM компаниясының акциялары Нью-Йорк қор биржасындағы (NYSE) сауда-саттық кезінде бірден 25,6 пайызға құлдырады, бұл туралы алаң мәліметтерінен белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


IBM акцияларының кейінгі 60 жылдағы ең ірі құлдырауы

Bloomberg агенттігі мәліметінше, бұл жағдай компанияның нәтижелері төмен тоқсандық есебі жарияланғаннан кейін болған. Бұл құлдырау IBM үшін 1968 жылдан бергі ең ауқымды көрсеткіш болды. Бір сауда күнінде котировкалар бірден 25,6 пайызға төмендеді. Ең төменгі шегінде баға 215,67 долларға дейін жетті. Нарықтық капиталдандыру (компания акцияларының жалпы құны) 69 миллиард долларға азайып, 204 миллиард доллар болды.

IBM акциялары неге күрт төмендеді

Сессия басталар алдында компания 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы алдын ала қаржылық есепті жариялады. Оған түсініктеме берген IBM басшысы Арвинд Кришна жылдың алғашқы үш айындағы сатылым болжамнан төмен - 17,9 миллиард доллардың орнына 17,2 миллиард доллар болатынын мәлімдеді.

Басшылық бұл сәтсіздіктерді IBM дайын болмай шыққан тұтынушылық талғамдардың өзгеруімен түсіндіреді. Атап айтқанда, компания сұранысқа ие чиптер мен желілік жабдықтарды өндіруге қайта бағдарлануға асықпай, оның орнына өзіне үйреншікті өнімдерді - корпоративтік клиенттерге арналған аппараттық және бағдарламалық жүйелерді шығаруды жалғастырып жатыр.

IBM нәтижелердің төмендеуін ішінара күткен болатын, алайда қорытындысында олар тіпті компанияның өз болжамдарынан да нашар болып шықты. Соның салдарынан бұған дейін келісімге қол жеткізілген көптеген мәмілелер мерзімінде жабылмады.

Құлдырау бүкіл технологиялық секторға әсер етті

Bloomberg агенттігі IBM-нің құлдырауы технологиялық сектордағы жаппай сатылымға түрткі болғанын атап өтті. Microsoft, бағдарламалық жасақтама әзірлеушілер Salesfoce, Workaday, SAP және Autodesk (құрылыс саласына маманданған) акциялары арзандады. Сондай-ақ сектор индикаторы болып саналатын iShares Expanded Tech-Software Sector биржалық қорының акциялары да төмендеді.

ЖИ нарығында не болып жатыр?

Еске салайық, маусымның аяғында әртүрлі елдердің, ең алдымен АҚШ пен Кореяның қор нарықтарында жасанды интеллектпен байланысты компаниялардың акцияларын жаппай сату басталды. Сарапшылар бұл құлдырауды инвесторлардың ЖИ технологияларына миллиардтаған инвестиция салғаннан кейін одан табыс табу мүмкіндіктеріне көңілі толмауымен түсіндірді. Бұл құлдырауды 2000-жылдардың басындағы интернет-компаниялардың акциялары көп айлық өсімнен кейін күрт төмендеген "доткомдар көпіршігі" дағдарысымен салыстырды.

Бұдан бөлек, мамандар өндірушілердің ЖИ өнімдерін шығаруға қайта бағдарлануы кейбір электрон компоненттердің тапшылығына әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Сарапшылардың бағалауынша, жыл аяғына қарай жад карталарының бағасы екі еседен аса қымбаттауы мүмкін.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +32
Ақтау +32
Ақтөбе +31
Атырау +29
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +33
П
Павлодар +26
Петропавл +32
С
Семей +35
Т
Талдықорған +36
Тараз +40
Түркістан +30
О
Орал +32
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер