17 тамыз 2020 | 12:15

Мұғалімдердің жалақысы өсті ме - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда білім саласындағы қызметкерлердің жалақысы 184 мың теңгеге дейін өсті, ал мектепке дейінгі білім беру саласындағы жалақы 90 мың теңгеден сәл жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда білім саласындағы қызметкерлердің жалақысы 184 мың теңгеге дейін өсті, ал мектепке дейінгі білім беру саласындағы жалақы 90 мың теңгеден сәл жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Зерттеушілердің мәліметінше, 2020 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 184,4 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға жоғары. Инфляция деңгейін ескерсек, бұл сектордағы сатып алу қабілетінің нақты өсуі 26,4 пайыз.

Жалпы барлық сала бойынша орташа айлық жалақы 212 мың теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға көп. Ал сатып алу қабілетінің нақты өсімі 6,5 пайызға артқан.

Білім саласындағы ең жоғары жалақыны орта білім беру қызметкерлері алады: 214,2 мың теңге. Инфляцияны ескерсек, нақты жылдық өсім 34,9 пайыз. Ал ең төменгі жалақыны мектепке дейінгі білім беру саласында тіркелді: 90,2 мың теңге, нақты өсім - 5,9 пайызға.

Сондай-ақ, жоғары білім беру саласындағы қызметкерлер орта есеппен 208,8 мың теңге, (нақты жылдық өсім - 6,5%), бастауыш білім беру саласындағы қызметкерлер - 161,9 мың теңге (нақты өсім - 28,8%), қосымша білім беру қызметтері - 147,7 мың теңге (инфляцияны есепке алғанда жылына минус 0,5 пайыз) алатыны белгілі болды.

"Еліміз бойынша ең жоғары жалақыны елордалық білім беру қызметкерлері алады: 298,4 мың теңге - бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,8 пайызға жоғары", - делінген зерттеуде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети