©Нұрғиса Елеубеков
Қызылорда облысында алғаш рет еңбек етуге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шара алдағы уақытта Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында әрбір тоқсан сайын өткізіліп отыратын болады. Мамандардың айтуынша, осының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтуға әбден болады. Былтыр жергілікті халықты жұмыспен қамту органдарына 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан хабарласып, олардың 172-і жаңа жұмыс орнын тапқан. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша, облыста 27 155 мүгедек бар. Оның ішінде бірінші топта – 2 756, екінші топта – 11 294, үшінші топта – 9 166 адам есепке алынған. Сондай-ақ, 18 жасқа келмеген 3939 мүгедек бала бар.
Қызылорда облысында алғаш рет еңбек етуге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл шара алдағы уақытта Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында әрбір тоқсан сайын өткізіліп отыратын болады. Мамандардың айтуынша, осының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтуға әбден болады. Былтыр жергілікті халықты жұмыспен қамту органдарына 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан хабарласып, олардың 172-і жаңа жұмыс орнын тапқан.
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша, облыста 27 155 мүгедек бар. Оның ішінде бірінші топта – 2 756, екінші топта – 11 294, үшінші топта – 9 166 адам есепке алынған. Сондай-ақ, 18 жасқа келмеген 3939 мүгедек бала бар.