04 қыркүйек 2014 14:38

Мүлікті заңдастыруға үш күн ішінде 200 азамат өтініш білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hint4.me сайтынан алынды Фото hint4.me сайтынан алынды

Үш күннің ішінде 200-ден астам қазақстандық мүлікті заңдастыру комиссиясына өтінішпен барды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Үш күннің ішінде 200-ден астам қазақстандық мүлікті заңдастыру комиссиясына өтінішпен барды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізге заңдастыруға қатысты үш өңірден мәлімет келіп түсті. Ақмола облысынан 21 адам, ал Астана әкімдігіне 141 адам заңдастыруға қатысты өтінішпен келген. Бұл ақпарат кешегі жағдай бойынша беріліп отыр. (3 қыркүйекке дейінгі). Сонымен бірге Ақтөбе облысынан 71 адам өтініш жасаған. Қалған ақпараттар қазір жиналу үстінде. Бұған қатысты мәліметтер күнделікті толықтырылып отырады", - деді Теңгебаев.  

Қаржы вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда орналасқан мүлікті заңдастыру үшін жергілікті әкімдікке бару керек, ал шетелдегі мүлікті заңдастыру үшін Салық комитетінің аумақтық бөлімшелерінде құрылған комиссияларға бару керек екен. Мүлікті заңдастыруға қатысты өтініштер 2015 жылдың қараша айына дейін қабылданатын болады, ал капиталды заңдастыруға қатысты өтініш 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.  

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда мүлікті заңдастыруға қатысты бастама көтеріп, осыған қатысты арнайы заң жобасын жетілдіруді тапсырған болатын. Өткен 2006 жылғы акцияда 840 миллиард теңге заңдастырылған. Бюджетке 60 миллиард теңге кіріс түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети