06 наурыз 2015 17:39

Мультимиллионерлер үшін ең маңызды қалалар белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Жылжымайтын мүлік бойынша консультация берумен айналысатын Knight Frank агенттігінің сарапшылары мультимиллионерлер үшін ең маңызды қалаларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Wealth Report баяндамасына сілтеме жасап. 


Жылжымайтын мүлік бойынша консультация берумен айналысатын Knight Frank агенттігінің сарапшылары мультимиллионерлер үшін ең маңызды қалаларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Wealth Report баяндамасына сілтеме жасап. 

Бірінші орында Лондон қаласы тұр. Одан кейін Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Шанхай, Майами, Париж, Дубаи, Пекин және Цюрих қалалары орналасқан. Ал ТМД астаналары ішінен Мәскеу ұсынылып, 17-орын алды. ТОП-40 тізімін Буэнос-Айрес, Рио-де-Жанейро және Тель-Авив қалалары қорытындылады. Баяндамада Лондон қаласының мультимиллионерлер үшін ірі орталық болып қалғаны айтылады. Айта кетейік, бұл мултимиллионерлер Ultra high-net-worth individuals (UHNWI) категориясына жататын, байлығы 30 миллион доллардан асатын тұлғалар. 

Сонымен қатар, болашаққа болжам да жасалды. Сарапшылар алдағы 10 жылда мультимиллионерлердің қай қалаға жинала бастайтынын атады. Олардың пікірінше, 2024 жылы UHNWI тұжырымындағы тұлғалар Сингапур, Гонконг және Нью-Йорк қалаларына жиналады-мыс. Мультимиллионерлердің маңызды деп тапқан қаласы 2025 жылы Лондонды басып озатын Нью-Йорк болады. Ағылшын астанасы құрметке лайық екінші орында болады. ТОП-10 қалалардың ішінде Цюрих қаласы қалатыны айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети