Мұнай бағасы психологиялық меже саналатын 32 долларға дейін төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай бағасы психологиялық меже саналатын 32 долларға дейін төмендеді © cnbc.com

Дүйсенбі күні, 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеді, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандаған. Биржадағы саудалардың мәліметтері осылай көрсетіп отыр, - деп хабарлайды РБК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүйсенбі күні, 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеді, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандаған. Биржадағы саудалардың мәліметтері осылай көрсетіп отыр, - деп хабарлайды РБК.

Мәскеу уақыты бойынша, 20.30 жағдайында солтүстік теңіз Brent мұнай маркасының наурыз фьючерстерінің құны 6,01 пайызға - барреліне 31,89 долларға дейін түсті. WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің құны 5,37 пайызға түсті, яғни баррелі үшін 31,38 долларға тең.  

Экономистер мұнай бағасының құлдырауын инвесторлардың Қытай экономикасының жағдайына алаңдаушылығы деп түсіндіреді, ал Қытай экономикасының әлсіреуі әлемнің мұнай нарығындағы ұсыныстың шамадан артық болуынан бағаға көрсетілетін қысымды арттырады.

Қытай әлемде мұнайды тұтынудан екінші орынды алып тұр. 4 қаңтарда CSI 300 Шанхай биржасының бас индексі 7 пайызға құлдырады, бұдан кейін сауда тоқтатылды, ал 7 қаңтарда Қытайдың Ұлттық банкі юаньді девалвацияға ұшыратты. Осыдан кейін инвесторлардың Қытай экономикасына деген алаңдаушылығы арта түсті.  

Morgan Stanley сарапшылары мұнай бағасының түсуін доллардың нығаюымен байланыстырып отыр, себебі долар көтерілсе шикізат тауарының құнына қысым түсіріп, доллармен саудаланып жатқан шикізатты шетелдің сатып алушыларына қымбаттатады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети