Мұнай бағасының 10 долларға төмендейтіні туралы болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай бағасының 10 долларға төмендейтіні туралы болжам жасалды © REUTERS

Дүниежүзілік банк Иран санкциясының алып тасталуына байланысты мұнай бағасының 10 долларға төмендеуін 2016 жылға болжап отыр, бұл жөнінде қаржы институтының ресми сайтында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік банк Иран санкциясының алып тасталуына байланысты мұнай бағасының 10 долларға төмендеуін 2016 жылға болжап отыр, бұл жөнінде қаржы институтының ресми сайтында жарияланды.

Таяу Шығыс мемлекетінің оралуы "қара алтын" жеткізілімі артады дегенді білдіреді - тәулігіне миллион баррельге дейін, дейді сарапшылар. Бұл өз кезегінде Иран үшін экономиканың өсімін екі еселейді, үштен бес пайызға дейін.

Мұның барлығы 2015 жылдың 14 шілдесі күнгі ядролық бағдарлама бойынша келісім бекітілсе ғана жүзеге асады. Айта кетейік, егер иран шикізаты экспортталатын болса, Парсы шығанағындағы өзге елдер мен Ливия зардап шегеді және өңірдің импортерлары жеңеді - Египет пен Тунис. Сарапшылардың болжамынша, Иран экспорты 17 миллиард долларға дейін артады. Бұл сома Ұлыбританиямен, ҚХР, Үндістан, Түркия және Сауд Арабиясымен арадағы сауда есебінен келіп түседі. Шетелдік тікелей инвестиция жылына 3 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін - ол қазіргі көрсеткіштен екі есе жоғары, бірақ 2003 жылғыдан төмен.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети