Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 312,38 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 312,38 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғашқы келісім 312,70 теңге бағамы бойынша жасалды. Ең жоғары баға 312,71 теңге көлемінде байқалды, ең төменгі баға - 312,05 теңге. Сауда көлемі 59,6 миллион доллар (151 келісімшарт).
Kurs.kz мәліметі бойынша, ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 312-312,5 теңге көрсеткішінде тұр.
Еске салайық, 20 сәуірде түнде мұнай бағасы 53 доллардан төмендеген болатын. Бұл АҚШ-тағы мұнай қорын салалық бағамдауға байланысты болды.