Мұнай бағасы 2021 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай бағасы 2021 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті Фото:depositphotos.com

Әлемдік мұнай бағасы әлі төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет барреліне 64 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік мұнай бағасы әлі төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет барреліне 64 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы маусым айындағы фьючерстердің бағасы 2,60 пайызға төмендеп, барреліне 63,87 доллар болды (Астана уақытымен 08:20 жағдайы бойынша).

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 2,50 пайызға төмендеп, барреліне 60,44 доллар болды.

Еске салайық, қара алтын бағасының төмендеуі 3 сәуірде басталды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден әкелінетін тауарларға жоғары тарифтер енгізуінен кейін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети