Мұнай бағасы құлдырап жатыр: Brent барреліне 73 доллардан төмен түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай бағасы құлдырап жатыр: Brent барреліне 73 доллардан төмен түсті Фото:depositphotos.com

Әлемдік мұнай бағасы төмендеп, Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 73 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеп, Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 73 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы ICE биржасында мамыр айындағы Brent мұнайының фьючерстері 0,29 пайызға арзандап, барреліне 72,29 долларға жетті. Бұл Астана уақытымен 08:23-тегі сауда мәліметтеріне сәйкес тіркелген.

Сәуір айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,13 пайызға төмендеп, барреліне 68,84 доллар болды.

Мұнай бағасының төмендеуіне негізгі себеп ретінде сарапшылар Ресейден мұнай жеткізілімдерінің қайта жандануы мүмкін деген болжамды және әлемдік экономикалық өсудің баяулау қаупін атады. Сонымен қатар, тарифтік тәуекелдердің сақталуы мен тұтынушылық сенімнің төмендеуі сұранысқа қатысты алаңдаушылықты күшейтіп отыр. Сарапшылар Ресей мен Украина арасындағы ықтимал бейбіт келісімнің болашағы жақсаруы мүмкін екенін атап өтті, бұл өз кезегінде санкциялардың алып тасталуына әкелуі ықтимал.

Сонымен бірге, АҚШ-тағы мұнай қоры туралы деректер бағаға белгілі бір қолдау көрсетті. Америкалық мұнай институтының мәліметінше, резервтер 640 мың баррельге азайған, ал сарапшылар олардың өсетінін болжаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети