10 қазан 2014 | 15:51

Мұнай бағасы одан әрі құлдыраса не боламыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

baq.kz baq.kz

Бүгін түнде Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 89,99 долларға дейін төмендеді. Артынша бұл бағам сәл-сәл көтеріліп таңертеңгі сессияда мұнай бағамы 90,5 долларға белгіленді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл маркалы мұнай бағамы 2012 жылдың маусымында дәл осындай деңгейге төмендеген.
Жалпы, халықаралық сарапшылар бұған дейін «2015 жылдың басынан бастап мұнай бағасы орташа есеппен 106,5 доллар болады. 2016-2017 жылдар аралығында 102,5 долларға төмендейді» деп болжам жасаған еді. Бірақ көріп отырғанымыздай, мұнай бағасы болжағанындай болмады. Биылғы жаздың өзінде үш ай қатарынан мұнай бағасы кері кетті. Жалпы, Алаш айнасы пікірлескен мамандардың дені мұнай бағасының бұлайша құлауы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қоймайтынын ашық айтып отыр.
Үкімет бюджетті қысқартуға кіріседі
Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
- Кеше Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, бюджетті қысқарту болатынын мәлім етті. Біздің мемлекеттік бюджетіміз мұнайдан түсетін табысқа қарай болжанып, құрылатыны бізге белгілі. Бұл меже бізде – 90 долладың аясында жоспарланған. Біз жоспарлаған осы көлемнен халықаралық баға құласа онда біздің экономикамызға қауіп төнді дей беріңіз. 80-70 доллар деген көрсеткішпен бетпе-бет келсек, онда экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан ақша алынады. Негізгі түсімді шикізат көзінен көріп отырғандықтан бұл жерде әлеуметтік-экономикалық жобалардың біразын қысқартуға тура келеді. Сондай-ақ әлдеқандай жағдайда Ұлттық қордағы ақша зейнетақы, еңбекақы,тағы басқа салаларды қолдауға бөлінер болса онда қазына ортайып, мұның арты дағдарысқа әкеледі. Сондықтан мұнай бағасы одан әрі күрт құлайды дегенге сену қиын. Мұның бірнеше себебі бар. Мысалы, біз қазірде «АҚШ Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты Сауд Араб елімен бірігіп мұнай бағасын төмендетуге келісім жасаған» деп даурығамыз. Дегенмен бұл жерде мұнай бағасының төмендеуінен сол Сауд Араб елінің де зиян шегетінін ойлауымыз керек. Өңдеген мұнайын кім арзанға сатқысы келсін?! Сондықтан бұл жерде мұнай бағасының құлауын ұзаққа созылады деп ойлау қиын. Өз басым бұл уақытша құбылыс деп санаймын. Бірақ сол уақытша құбылыстың өзінен біз қиналмай шығуымыз үшін Үкімет алғышарттарды қарастыруы тиіс.
«Ресей тез есін жинайды» деп үміттену керек
Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:
- Ресей экономикасы тұраласа,, бізге де әсері айтарлықтай болады. Егер Ресей бағытындағы мұнай тасымалдайтын құбыр жабылса, онда экспорттайтын көлеміміз де қысқарады. Бюджетте мұнай бағасы үш түрлі нұсқамен қаралған. Біріншісі – оптимистік, екіншісі – пессимистік, үшіншісі – консервативті базалық нұсқа. Ең төменгі пессимистік нұсқада мұнай құны 65-70 доллар көлемінде деп белгіленген. Бұл мұнай бағасының құлауына даяр екенімізді көрсетеді. Дегенмен, Ресей тәрізді біз де мұнай мен газға қараған шикізат еліміз. Мұнай бағасы құлдырап кетсе бізге де оңай болмайды. Кезінде АҚШ Кеңес өкіметін құлату үшін мұнай өндіретін мемлекеттерге мұнай бағасын құлату жөнінде тапсырма берген. Осыдан барып 1989 жылы мұнай бағасы адам айтса нанғысыз деңгейге 9 долларға дейін төмендеді. Бұл Кеңес одағын тығырыққа тіреді. Артынша КСРО тарады. Қазір АҚШ Ресейді күйрету үшін тағы осындай қадамға барып, Сауд Арабиясы, Ирак, Ливия елдеріне мұнай бағасын төмендетуге ықпал етуге ұсыныс тастады. Ал Ресей күйресе, бұл бізге де оңайға соқпайды. Сондықтан бұл жерде Ресей есін тез жинап, Украинамен арадағы жағдайды реттейді деп үміттену керек.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети