Дүйсенбі күні, 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеді, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандаған. Биржадағы саудалардың мәліметтері осылай көрсетіп отыр, - деп хабарлайды РБК.

Мәскеу уақыты бойынша, 20.30 жағдайында солтүстік теңіз Brent мұнай маркасының наурыз фьючерстерінің құны 6,01 пайызға - барреліне 31,89 долларға дейін түсті. WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің құны 5,37 пайызға түсті, яғни баррелі үшін 31,38 долларға тең.
Экономистер мұнай бағасының құлдырауын инвесторлардың Қытай экономикасының жағдайына алаңдаушылығы деп түсіндіреді, ал Қытай экономикасының әлсіреуі әлемнің мұнай нарығындағы ұсыныстың шамадан артық болуынан бағаға көрсетілетін қысымды арттырады.
Қытай әлемде мұнайды тұтынудан екінші орынды алып тұр. 4 қаңтарда CSI 300 Шанхай биржасының бас индексі 7 пайызға құлдырады, бұдан кейін сауда тоқтатылды, ал 7 қаңтарда Қытайдың Ұлттық банкі юаньді девалвацияға ұшыратты. Осыдан кейін инвесторлардың Қытай экономикасына деген алаңдаушылығы арта түсті.
Morgan Stanley сарапшылары мұнай бағасының түсуін доллардың нығаюымен байланыстырып отыр, себебі долар көтерілсе шикізат тауарының құнына қысым түсіріп, доллармен саудаланып жатқан шикізатты шетелдің сатып алушыларына қымбаттатады.