03 қараша 2014 | 21:24

Мұнай бағасының түбегейлі өзгеруіне еш себеп жоқ - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мұнай бағасының түбегейлі өзгеруіне еш себеп жоқ. Бұл туралы "Альпари" компаниясының сарапшысы Анна Кокорева мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Десе де, сарапшылар бұған дейін қысқа мерзімге мұнай бағасы бір баррель үшін 70 долларға дейін төмендеуі ықтимал екендігі жайлы мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, тағы бір сарапшы мұнай бағасының төмендеуі ұзаққа созылмайтынын айтқан еді.

Иконка комментария блок соц сети

Кокореваның болжауынша, осы аптадағы мұнай бағасының өзгерісін 31 қазанда аяқталған апта қортындысы бойынша АҚШ-тағы мұнай шикізатының қоры туралы мәліметтер айқындайтын болады. "Егер мұнай қоры артатын болса, баға төменгі бағанда тұрады. Қазірге мұнай бағасының түбегейлі өзгеруіне еш себеп жоқ. Біздің болжауымызша, баға белгіленген жоғары диапазонда жылжитын болады", - деп түсіндіреді сарапшы.

Сұхбаттасушының айтуынша, мұнай бағасы ұдайы қозғалыста болады. Алайда соңғы екі аптада нарықта жағдай өзгерген жоқ. "Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 83-85 доллар болса, WTI маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 79-83 долларды құрады", - деді Кокорева.

Сарапшының пайымдауынша мұнай бағасының төмендеуіне шикізатқа деген сұраныс төмендеп, ұсыныстың артуы және Таяу Шығыс елдері тарапынан болған демпинг әсер еткен. ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) Бас хатшысы Абдулла Салем аль-Бадри даурықпауға шақырды. Оның айтуынша таяу уақытта сұраныс қайта артады.

Аль-Бадридің айтуынша мұнай экспорттаушы елдер баға соғысын жүргізіп жатқан жоқ. Олар нарықтық жағдайларға байланысты осындай әрекетке барып отыр. "Картель ұсыныс пен сұраныс арасында түбегейлі өзгеріс көріп отырған жоқ. Бұл жағдай мұнай өндіру квотасын қысқартуға себеп болмайды", - дейді сарапшы. Оның айтуынша ОПЕК мұндай қадамға бармайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети