11 мамыр 2016 | 07:10

Мұнайға бай Қазақстан алдына батыл мақсат қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2050 жылы Қазақстан "жасыл экономикаға" жартылай өтеді. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясында елдің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

2050 жылы Қазақстан "жасыл экономикаға" жартылай өтеді. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясында елдің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің ел дәстүрлі энергетикалық қоры көп мемлекет ретінде танылған болса да, біз "жасыл экономиканы" дамытуды жақтаймыз. Біз 2050 жылы электр энергиясының 50 пайызын қазбалы емес отын түрлерінен өндіру туралы батыл мақсат қойып отырмыз", - деп мәлімдеді Қазақстан СІМ басшысы. 

Дипломат Қазақстанның жыл соңына дейін климат жөніндегі Париж келісіміне қол қоятынын айтып сендірді. Ыдырысов 2017 жылы Астанада тақырыбы болашақ энергиясы болатын EXPO 2017 халықаралық көрмесі өтетінін еске салды. Оның айтуынша, бұл форум - "Париж келісіміне қол қоюдан кейінгі тарихи ірі шара".

Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында 195 ел мен Еуроодақ Парижде климат жөніндегі жалпыға ортақ міндетті келісімге келген болатын. Бұл құжат 2020 жылдан кейін қалдық газдардың көлемін және климат өзгерістерінің алдын алудың шараларын анықтайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети