24 наурыз 2017 11:11

Наурыз мейрамынан кейін теңге әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 316,56 теңгеге тең болды. Еске салайық, 18 наурызда доллар бағамы 315,55 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 316,50 теңгемен өтті. Максималдық құны 316, 65 теңге болды, ал минималдық құны - 316,15 теңге. Сауданың жалпы көлемі 38,2 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 316-316,7 теңге аралығында.

Мұнай бағасы 24 наурызда Астана уақытымен 11.00-де сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 50,72 доллар болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети