20 маусым 2017 15:47

Назарбаев зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақыны өсіруді қарастыратын заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2017 жылы бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің қалай өсетінін түсіндірген болатын.

Сол кезде Дүйсенова 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшерінің 20 пайызға өсетінін хабарлаған.

"2017-2019 жылдарға арналған бюджетке сәйкес, ынтымақты зейнетақының мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 11 пайызға ұлғайтылады. Мәселен, егер ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылы 40 000 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9 пайызға арттырылып, 43 600 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 11 пайызға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 48 396 теңге болады. Осылайша, 2017 жылы ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға ұлғайтылмақ. Базалық зейнетақы 2017 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 13 пайызға ұлғайтылады. Мәселен, ағымдағы жылы егер базалық зейнетақы мөлшері 11 965 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттырылып, 12 802 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 13 пайызға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 14 466 теңге болады. Осылайша, 2017 жылы базалық зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға арттырылады", - деп түсіндірген еді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, Министр 2,1 миллионға жуық зейнеткердің зейнетақысын арттыру мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 79,8 миллиард теңге бөлінетінін атап айтқан еді.

Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шілдеде 45 711 теңгеге артады. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге дейін ұлғаяды.

Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20 пайызға арттырылады. Нәтижесінде 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өсім 27 пайызға тең болады.

"Ағымдағы жылы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңге болса,  2017 жылғы 1 қаңтарда 71 270 теңге болып, 1 шілдеде 86 222 теңгеге дейін артпақ. Ағымдағы жылы төртінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 111 035 теңге болса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 118 мың теңге болып, 1 шілдеде 142 947  теңгені құрамақ", - деп түсіндірген еді Тамара Дүйсенова.

Жалпы алғанда, жоғарыда аталған зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлерінің артуына республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 81,6 миллиард теңге қарастырылған.

Еске салайық, Президент 2016 жылдың 15 желтоқсанында Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын арналған салтанатты шарада зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақыны өсіруді тапсырған еді. "Мен үкіметке келесі жылы 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырамын. Бұл 2,2 миллион қазақстандықты қамтуы тиіс. Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап баланың дүниеге келуіне орай берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырамын, - деді Назарбаев. - Қазіргі уақытта біздің елде балалардың дүниеге келуі өте жоғарғы деңгейде. 55 пайызға өсті, бұл біз үшін өте жақсы", - деген еді Елбасы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети