01 маусым 2015 14:17

Назарбаева күзгі "бензин дүрлікпесі" қайталана ма деп алаңдап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева мұнай-газ секторын дамыту проблемалары мен перспективалары деген тақырып бойынша өткен парламенттік тыңдауды қорытындылау барысында жыл сайын күзде болатын бензин тапшылығы ажиотажы қайталана ма деген алаңдаушылығын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева мұнай-газ секторын дамыту проблемалары мен перспективалары деген тақырып бойынша өткен парламенттік тыңдауды қорытындылау барысында жыл сайын күзде болатын бензин тапшылығы ажиотажы қайталана ма деген алаңдаушылығын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күзде болатын жанармай тапшылығына қатысты ішкі нарықтағы ажиотаж мектеп оқулықтарының шеңберіндегі дүрлікпені еске салады және ішкі нарықта болып жатқан тәртіпсіздіктің барлығына нүкте қоятын келесі қадамды алдымызға алып келеді. Біз мұнай шығару деңгейіміз 91 жылдан бастап 2014 жылға дейін 5 миллион тоннадан 80 миллионға артты рет мақтанамыз, бірақ біз әлі күнге сапалы бензинің тапшылығынан зардап шегіп отырмыз және жалпы алғанда еліміздің ішкі нарығында жанар-жағармай тапшы. Күз жақындап қалды, жанармай бекеттеріндегі әдетке айналған ажиотаж қайтадан бола ма деген қауіп бар. (...) Біз әлі күнге мұнай өнімдерінің импортына тәуелдіміз және сол тәуелділік егер төртінші мұнай өңдейтін зауыттың құрылысын шұғыл түрде қолға алмасақ, алдағы уақытта да сақталады", - деді Назарбаева.

Парламент кулуарында энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бензин бағасының мұнайдың әлемдік бағасына тәуелді болатынын тағы бір мәрте еске салды. "Нақты болжам жасай аламын, бензиннің бағасы мұнайдың әлемдік бағасына тәуелді болады. Себебі мұнай өнімінің бағасын белгілейтін ереже мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасына негізделеді. Болжам осындай", - деді Қарабалин.

Сонымен қатар, ол бензин бағасының бұйрық жарияланған күннен кейін 10 күн өткенде ғана көтерілуі тиіс болғаны, яғни оның қазір заңсыз түрде қымбаттағаны туралы қойылған журналистердің сұрағына жауап берді. "Бұл қате пікір, себебі министрдің бұйрығы тіркелгеннен кейін, әділет министрлігінде жарияланымдар мен мәлімдемелер бола алады. Шын мәнінде барлығы уақытында тіркелді және осыдан кейін ғана бағаның көтерілетіні жария етілді", - деп мәлімдеді Қарабалин.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бензин бағасының өзгергені туралы ақпарат 26 мамырда пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети