14 ақпан 2014 | 12:51

Несие көлемін азайтпаған банктерге көмек болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото Тengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев. Фото Тengrinews.kz

Активтерді төмендетіп, "нашар" саналатын несиелердің көлемін қысқартпайтын банктерге көмек болмайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің кеңейтілген отырысынан. Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы: "Біз нарықтық, яғни капиталистік экономикада келе жатырмыз. Жыл сайын капиталистік экономикада сан мыңдаған кәсіпорындар банкрот болып, жаңадан басқасы бой көтеріп жатады. Бұл жағынан келгенде біз Қазақстанда бір рет болсын тәжірибеден өткізген жоқпыз", - деп мәлімдеді. Н.Назарбаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласы несиемен қамтылғанымен, өкінішке қарай, дәл қазір не істеу қажеттігін білмей отыр. "Негізінен біздің еліміз ешқандай фермерді, болмаса олигархты банкротқа жеткізген жоқ" деген президент алқалы отырыста банктердің несиелерін құтқару үшін мемлекеттен көмек сұрайтындарды сын садағына алды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы ел экономикасын 6-7 пайызға көтеру үшін шетелден және республикадан инвестиция тарту керектігін атады. "Биылғы Жолдауды қалай іске асыру керек, сол бойынша қандай шараларды қолдану қажетті туралы әңгіме болмақ. Қазір әлемдегі ахуал мәз емес. Жаһанды жайлаған ахуал ушығып тұр. Біз экономиканың өндірісін 6-7 пайызға арттыру үшін сырттан және іштен инвестиция тартуымыз керек. Ол жағын қалай ұйымдастырамыз және қандай резервтерді іске қосатынымыз туралы әңгіме қозғаймыз", - деді Н.Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети