©Нұрғиса Елеубеков
ҚР Ұлттық Банкі өткен жылдан бастап соғылатын тиындарды дайындау металының өзгергені туралы мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздің Ұлттық банкі тиындарды жасауға арналған материалдың өзгергені туралы, оның ішінде айналыстағы 1, 5, 10, 20 теңгеліктердің металының өзгергені туралы БАҚ беттерінде мәлімдеген болатын. Осыған орай Ұлттық банк "соңғы уақыттары ұлттық валюта монеталарының өндірісінде пайдаланылатын металдардың құны айтарлықтай өскеніне байланысты тиындардың өзіндік құнын төмендету үшін мыс-никель қоспасымен гальваникалық қапталған көміртекті болат қолданыла бастады", - деп хабарлады. Қазіргі таңда мұндай қолданыс Еуропада, Ресей мен Үндістанда кеңінен қолданылып отыр. "Көміртекті болатты пайдалана отырып дайындалған, мыс-никель қоспасымен қапталған ұлттық валюта тиындары мен өткен жылы дайындалған тиындардың көлемі бірдей. Өзіндік салмағы мен көлемі бірдей. 1, 5 және 10 теңгелік тиындар түсі сары, 20 теңгелік тиын былтырға дейін жасалған тиын секілді ақ түсті. 2013 жылға дейін дейін дайындалған тиындар заңды төлем құралы болып табылады және ақша төлемі мен аударымының барлық түрлерінде қабылдануға міндетті", - делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ҚР Ұлттық Банкі өткен жылдан бастап соғылатын тиындарды дайындау металының өзгергені туралы мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздің Ұлттық банкі тиындарды жасауға арналған материалдың өзгергені туралы, оның ішінде айналыстағы 1, 5, 10, 20 теңгеліктердің металының өзгергені туралы БАҚ беттерінде мәлімдеген болатын. Осыған орай Ұлттық банк "соңғы уақыттары ұлттық валюта монеталарының өндірісінде пайдаланылатын металдардың құны айтарлықтай өскеніне байланысты тиындардың өзіндік құнын төмендету үшін мыс-никель қоспасымен гальваникалық қапталған көміртекті болат қолданыла бастады", - деп хабарлады.
Қазіргі таңда мұндай қолданыс Еуропада, Ресей мен Үндістанда кеңінен қолданылып отыр.
"Көміртекті болатты пайдалана отырып дайындалған, мыс-никель қоспасымен қапталған ұлттық валюта тиындары мен өткен жылы дайындалған тиындардың көлемі бірдей. Өзіндік салмағы мен көлемі бірдей. 1, 5 және 10 теңгелік тиындар түсі сары, 20 теңгелік тиын былтырға дейін жасалған тиын секілді ақ түсті. 2013 жылға дейін дейін дайындалған тиындар заңды төлем құралы болып табылады және ақша төлемі мен аударымының барлық түрлерінде қабылдануға міндетті", - делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.