Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

02 Сәуір, 16:36
0
Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады - © pixabay.com
© pixabay.com

FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстерді ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2019 жылы 1 мамырда сыйымдылығы 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері Нұр-Сұлтаннан ұша бастайды. 

Қазақстандықтар арасында танымал бағыт бойынша тарифтің ең төменгі құны бір жаққа 6 999 теңгеден басталады. Билеттерді брондау компанияның сайтында қолжетімді.

"Біз күн сайын ең қолжетімді бағамен жүзеге асыруға дайын отандастарымыздың арасында күтілетін әуе қатынасы болады деп сеніммен айтуға болады. Бұдан былай елордаға 6 999 теңгеге екі сағатқа жетпес уақытта ұшып келу мүмкін болады, тек бизнесмен ғана емес, сонымен қатар қарапайым студентке де мүмкіндік туады. Сондай-ақ, біз осы бағыттың арқасында еліміздің оңтүстік және солтүстік аймақтарының әдемі табиғатын көргісі келетін қазақстандықтар арасында жергілікті туризмді дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз", - деді FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

FlyArystan өзінің барлық жолаушыларына шарттары авиакомпанияның ресми сайтында егжей-тегжейлі сипатталған тарифтер ережелерімен мұқият танысуды ұсынады.

Осыған дейін, FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға дейін 2019 жылдың 1 мамырына жоспарланған алғашқы рейске билет сатуды ашқаны хабарланған.

Сапар ұзақтығы 60 минут болатын біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталатыны айтылады. FlyArystan өкілдерінің айтуынша, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапарға аттанады. Осылайша, жаңа әуекомпания осы бағыт бойынша бір жылда 130 000 аса жолаушыны тасымалдайды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай