АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден Украинадағы жағдайларға байланысты Еуропа елдері Ресейге санкция жариялағысы келмегенін, алайда олар Вашингтонның қысымының арқасында бұл шараларды жасағанын мойындады. Бұл туралы Байден Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды RT телеарнасы.
АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден Украинадағы жағдайларға байланысты Еуропа елдері Ресейге санкция жариялағысы келмегенін, алайда олар Вашингтонның қысымының арқасында бұл шараларды жасағанын мойындады. Бұл туралы Байден Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды RT телеарнасы.
АҚШ-тың вице-президентінің айтуына қарағанда, Еуропа елдерінің басшыларымен келіссөз барысында Барак Обама Еуропа елдері экономикалық тәуекелге баратынын біле тұра, санкция жариялауды талап еткен. "Кейде Обама Путинді жазалау үшін қажетті шараларды жасап, Еуропа елдерін ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тура келген", - дейді ол.
Байден АҚШ-тың Ресей экономикасын құлдырату үшін қолдарынан келгенше талпынып жатқанын растады. "Ресейді шынайы бағасын өтеуге мәжбүрлеу үшін жасалған санкциялар, экономикасы дамыған елдердің бірігуіне мүмкіндік берді", - дейді вице-президент.
Саясаткер еуропалықтар Мәскеуге өз ықпалын жасау үшін көп шығынданып жатқанын да айтып өтті. Оның айтуына қарағанда, санкциядан ешкім бас тартпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Обама "Украинадағы Ресей қысымына қарсы әлемді АҚШ біріктіргенін" айтқан еді.
2 қазан күні Ресей президенті Владимир Путин өз кәсіптерін шектеу үшін батыс елдерінің жасап жатқан санкциясын "ақымақтық әрекет" деп айтты. Ресей президентінің ойынша, "бұл шектеу ДСҰ-ның негізгі қағидаларын бұзып, әлемдік экономикаға, нарықтық экономикаға, бәсекелестікке кері әсерін тигізіп, халықаралық қаржы институттарының сенімі мен доллар мен еуроның қосалқы валютасына деген сенімді жоғалтады".
Еске салайық, АҚШ пен Еуропалық одақ Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамай, Мәскеуді Украинаның жұмысына араласты деп айтыптап отыр. 2014 жылдың наурыз айынан бастап батыс елдері Ресей саясаткерлеріне, кәсіпкерлеріне және компанияларына бірнеше мәрте санкция жариялап, бұдан да ауыр шара қолданамыз деп қорқытты.