14 ақпан 2014 | 13:03

Облыс әкімі базар бағасымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ноғаевтың базарларды аралау сәті. Фото mgorod.kz сайтынан. Нұрлан Ноғаевтың базарларды аралау сәті. Фото mgorod.kz сайтынан.

Девальвация орын алды екен деп бағаны негізсіз өсіруге жол берілмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Орал қаласындағы орталық базарды аралап, азық-түлік бағасымен танысқан Баыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Әкіммен кездесуде көкөніс, жеміс-жидек павильонының сатушысы Балым Әбілхайырова кейбір көкініс түрлерінің құны еселеп өскенін айтты. Бұрын келісі 80-90 теңге болған картоп пен пияз 120-130 теңгеге көтерілсе, сәбіздің бағасы 150 теңгеге жеткен. Әріптесінің сөзін жалғаған Ұлданай Мұқашева осы жердегі сатушылар алынған тауардың әр келісіне 7-20 теңгеге дейін қосатынын жеткізді. Базарда азық-түлік өнімдерін сататын алты павильон бар. Солардың бірінде шұжық, ірімшік, майонез өнімдері саудаға шығарылады. Облыс басшысы бастаған топ осы павильонға ат басын бұрды. Мұнда да баға өскен. Сатушы Эльвира Ғиззатова, әсіресе, шұжық бағасында елеулі өзгеріс бар деді. Мәселен, жергілікті "Мясодел" компаниясы өндіретін "Краков" шұжығының келісі бұрын 530 теңге болса, қазір 585 теңгеге дейін көтерілген. "Наурыз" бен "Мусульманская" секілді шұжық өнімдері 150 теңгеге жоғарылаған. Бұл саудаға да кері әсерін тигізуде. Келушілер аз. Халық "Алтын алма", "Ел ырысы" секілді көтерме базарларға баруда. Себебі, онда ет павильонында ірі қара, қой, жылқы еті қымбаттамаған. "Базардағы бағаның өскені байқалады. Бүгінгі тексеруге сәйкес тауарды кім қымбаттатып отырғанын анықтаймыз. Сауда орындарын жалдау құны жарты жылдан астам уақыттан бері көтерілмеген. Бөлшек сауда жасаушылар да бағаны өсіріп отырған жоқ. Енді тауар жеткізушілер мен таратушыларды бақылауға аламыз", - деді Нұрлан Ноғаев.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети