Өскеменде сауда нүктелерін жалдау 20 пайызға арзандайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Өскеменде сауда орындарын жалдау ақысы 20 пайызға арзандайды. Облыс орталығындағы сауда орындарын жалдау ақысын арзандату үшін Өскемен қаласы әкімдігі мен шаһардағы бірқатар ірі көтерме сауда орындары арасында арнайы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аталмыш меморандумға Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов пен "Заречный", "Дина", "Орталық" және "Дос-Нар" базарларының, "Фреш маркет" фермерлік гастрономының басшылары қол қойды. Аталмыш құжат бойынша сауда орындарын жалға беру құны 20 пайызға арзандатылады. Мұндағы мақсат – бірінші қажеттегі азық-түліктер мен тауарлар бағасын ауыздықтау және оларды қолжетімді ету. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорының өнімі саудаланатын орындардан жалдау ақысын алмау жөнінде келісім жасалды. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл тауарлар облыстың ірі қалалары мен аудандарында көтерме базарлар арқылы сатылады. – Мен облыс басшылығы атынан бүгінгі құжатқа қол қойған супермаркеттер мен базарлар басшыларына түсіністік білдіргендері үшін алғысымды айтамын. Бұл шара бағалардың тұрақталуына дейін сауда нүктелерін жалдау ақысын 20 пайызға арзандатады, нәтижесінде тауар бағасының негізсіз қымбаттауына жол берілмейтін болады, – деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев. Сонымен қатар қаладағы "Тала" ЖШС басшысы Мұрат Телебаев сауда орындарындағы жалдау құнын азайтып қана қоймай, базар аумағына "Ақсай-нан" наубайханасының нан тиелген көліктерін тегін кіргізуге жәрдемдесетінін де айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.92  course up  597.41  course up  6.62  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer